$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда енді QR-код арқылы некелесуге де болады

QR-код арқылы алуға болатын қызметтерді осы айда ұсыну үшін техник мамандар жұмыс істеп жатыр.
фото: ekd.me
фото: ekd.me

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев QR-код арқылы алуға болатын қызметтердің түрін айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«eGovmobile қосымшасы арқылы көрсетілмейтін қызметтерді QR-код арқылы алу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Айдың аяғына дейін бұл жұмысты аяқтаймыз. QR-код арқылы алуға болатын алғашқы мемлекеттік қызметтер: некені тіркеу, баланың тууын тіркеу, балабақша кезегіне қою, заңды тұлғаны тіркеу, салық есебін қабылдау.

Бұл қызметтерді компьютер арқылы алу барысында ЭЦҚ-ға қол қою кезінде QR-кодты сканерлеп, қызметті eGovMobile қосымшасы арқылы алуға сұрау жіберуге болады. Ол үшін компьютеріңізге ЭЦҚ-ны пайдалану үшін қосымша бағдарлама орнатудың қажеті жоқ», - деді министр.

Оның айтуынша, QR-код арқылы алуға болатын қызметтерді осы айда ұсыну үшін техник мамандар жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары