$ 498.34  519.72  4.85

Қайрат Құдайберген өзін айыптаған қызға жауап берді

Осы күндері ауруханада барлық арам ойлы жандардың пікірлері мен жазбаларын оқып жатырмын.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Алматылық кәсіпкер Қайрат Құдайберген өзін сөккен ғалым қызға жауап берді. Бұған дейін ғалым қыз кәсіпкерге жаным ашымайды деп жазба жариялаған еді. Ал, кәсіпкер оған сенбейтінін ашық айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

"Осы күндері ауруханада барлық арам ойлы жандардың пікірлері мен жазбаларын оқып жатырмын. Назарбаев университетінен шыққан өте "тәрбиелі" ғалым қыздың видео үндеуін көрдім. Ол елге екпе керек екенін сендіруге тырысып айтты. Сіздерді қайдам, мен шешен қызға сенбедім. Мен мұндай екпеге қарсымын. Шешен қыз дегенім енді әрине асырып айтқаным. 

Көп нәрсе оқып, өзім туралы көп жайттарды білдім. Сіздерге алғыстан басқа не айтайын? Сіздердің арқаларыңызда мені одан да көп адам оқи түсті. Көңіл-күйімді көтерді. Күлкі адам өмірін ұзартпай ма?

Екі күн ішіне парақшама 13 мың адам жазылыпты. Оларға зор денсаулық тілеймін. Бұл ең үлкен байлық. Бірге бәрін жеңетінімізге сенемін. Мына аты жаман аурудай тезірек құтылайық. Вируспен ауырғандар тезіре жазылып кетсін деп тілеймін", - деп жазды кәсіпкер парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус