Қазақстанда өз жынысынан безгендерді көпшілік жақтыра (қабылдамайды) қоймайды. Мәселен, Арман Хассанов пен Бекзат Мұқашев есімді екі қазақ жігіті қалыптан тыс болмыстары үшін ортасының қысымына ұшыраған. Бір-біріне ғашық жігіттер өз бастарынан өткен оқиға жайлы Liter.kz басылымына берген сұхбатындай айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Екеуінің айтуынша, Қазақстанда "гей" болу қиын, себебі олардың болмыстарын ешкім қабылдамайтын көрінеді.
"Бекзат екеуміз гейлерге арналған қосымша арқылы танысқанбыз. Сол кезде ол маған жазды. Көп хабарлама жазысып жүріп, араласып кеттік. Екеуміз жүзбе-жүз 2019 жылы күзде кофе ішетін жерде кездестік. Бәрі сол сәттен басталды. Уақыт өте келе бір-бірімізден ажырамайтын болдық.
Біз ашықтан-ашық кездеспедік. Мен пәтер жалдап, сонда кездесетінбіз. Қазір бұл жайлы айту қиын...Мысалы, кинотеатр, саяқбар, мейрамханаларға барғанда қол ұстаспайтынбыз. Бізді түсінбейтін қоғамнан жасырынуға тырыстық.
Бекзат үйленген кейін ғана оның ата-анасы балаларының бойында ауытқушылық барын білді. Содан бастап проблемалар көбейді. Ол алғаш рет қарындасына үйленген әйелімен ажырасқысы келетінін, өтірік өмір сүргісі келмейтінін, өзінің гей екендігін айтып, мойындады. Бекзат ата-анасының қалауымен, олар немере сүйгісі келгендіктен мәжбүрлі түрде үйленген. Қарындасына гей екендігін мойындаған соң, оның күйеуі, ата-анасына балаларының жағдайы туралы айтқан", - дейді Арман.
Арманның сөзінше, ұлының гей екендігін білген әкесі Бекзатты ұрып-соғып, қамап ұстайтын болыпты.
"Бекзаттың ата-анасы оны ақыл-есі кем, басында ақауы бар, сондықтан оның ойы өзгеріп "гей" болып кетті дейді. Ол аздай ата-анасы оның "ішіне жын кіріп кеткен" деп молдаға оқытты. Ал молда Бекзаттың дені дұрыс екенін айтқан. Кейін психологқа қаратты. Ол да баланы сол болмысымен қабылдамасаңыз, жақсы болмайды деп кеңес берген", - дейді Арман Хассанов.
Осы орайда, Бекзат болса, ата-анасына: "Осы кезге дейін сіздердің айтқандарыңызбен жүрдім. Үйлендім, ота жасаттым. Сіздер менен бас тарттыңыздар. Енді неге мазалайсыздар? Мен өз таңдауымды және сіздер өз таңдауларыңызды жасадыңыздар", - дейді Бекзат.
Бір қызығы, екі гей жігіт көптің көзінше, ашық кездеспейді екен.
Себебі олар: "Бізді ешкім қабылдамайды. Бәрі қарсы. Тіпті жақындарымыздан да тығылып жүреміз", - дейді Арман.
Айтпақшы, 22 маусымда Бекзаттың ата-анасы гей ұлдарының басына ота жасатқан. Олар, ота - ұлдарының болмысына, ойының өзгеруіне әсер етеді деп ойлаған. Енді оның "сүйіктісі" Арман Хассанов: "Бекзатты күштеп үйінде қамап ұстап отыр" дейді.