$ 494.87  520.65  4.91

«Жемқорлардың саусақтарын кесу керек, басқа амал қалмады» - қаржыгер Дәулет Төлеутайұлы

Заңдық, қаржылық сауаттылықты арттыру арқылы жемқорлықты да жоятын кез келді.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Көпшілікке баспана алудың жолын банктің тілімен емес, халықтың тілімен түсіндіріп жүрген қаржыгер Дәулет Төлеутайұлы жемқорлардың саусақтарын кесу керек деп отыр. Бұл пікірін ол, журналист Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Біздің елде жемқорлықтың лебі көп қой біздің елде. Аллаға шүкір бай елміз, бюджетте ақша бар, бірақ, бірнәрсе бөлінеді, бірнәрсе миллион бөлініп жатыр. Соңында жартысын жеп қойды, өйтіп-бүйтіп қойды дегенді естиміз. Жемқорлық өте қиын мәселе. Жемқорларды білмеймін бізде мүмкін заңды да күшейту керек шығар, білмеймін... Мен 2-3 пост та жазғанмын. Жемқорлардың саусақтарын кесу керек, басқа амал қалмады. Білмеймін, басын кес деп айта алмаймын. Бір саусақтан бастау керек қой. Міне бір миллион біреуден жедің бе, бір саусағың кетсін, мына саусақты кесу керек (саусақтарын көрсетіп), он миллион жедің бе, мына саусақ, миллиардтап жедің бе, бүкіл қолың кетсін. Сол кезде көреміз, кімнің жемқор екенін. 

"Чудо Сингапура" дегеннен (Ли Куан Ю - сингапурлық саясаткер, премьер-министр, "экономикалық ғажайыптың" негізін қалаушы) "Қалай жемқорлықты жойдың?" десе, ол "Өз достарымды түрмеге қамаудан бастадым дейді ғой. Міне содан бастау керек шығар. Мүмкін саусақтарын кесіп, ату жазасын кесу керек пе, білмеймін, біреуге сөйтіп үлгі көрсетпесек желіне береді", - деді әр қазақтың баспаналы болуына септігін тигізіп жүрген азамат.

Осы орайда, "Біз енді демократиялы мемлекетке радикалды қадам емес пе?" деген журналистің сұрағына: "Даму үшін не істейміз енді? Даму үшін амал жоқ бір саусақты кесуден бастау керек (Өзімнің ойымдағы дүниені айтқаным ғой). Бірақ бізде жемқорлық өте-өте басым. Жемқорлар өздерінің қалтасына баспай, мектеп салды ма, ойланса ғой шіркін, "бұл менің болашақ ұрпағыма салынады, ертеңгі күні сол ұрпағым бұл жерде білім алады, сол біліммен Қазақстанды гүлдендіреді, дамытады" деп... Әрқайсысымыз солай жұмыс істейтін болсақ", - деп билікті сынауға қарсы екендігін жеткізді.

Айтпақшы, оның ойынша, қазіргі таңда заңдық, қаржылық сауаттылықты арттыру арқылы жемқорлықты да жоятын кез келді. 

Білгенін өзі ғана жасап қоймай, өзгелерге де айтып, үйретуден жалықтайтын қазақтың Дәулеті сондай-ақ "хайптың жұлдызы бар да, білімнің жұлдызы жоқтығына" қапалы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары