$ 495.2  522.34  4.94

Алматы тұрғыны үйінің ауласында 30 шақты адамға той жасаған (ВИДЕО)

«Түсінгеніміз, неке қиятын бөлім үй иелеріне дұрыс түсіндірмеген. Яғни, өз туыстарыңыздың арасында 30 адамға дейін тойлап, атап өтуге болады деп айтқан», - деп хабарлады мамандар.

Алматыда 30 шақты қонақ шақырып, үйінің ауласына той жасаған тұрғын анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты шара қаланың Наурызбай ауданында болған. «Той тез арада тарқады. Үй иелеріне жағдай түсіндіріліп, тиісті нұсқау берілді» деп мәлімдеді қала әкімдігі. Мониторинг тобы мен полицейлер той жасаған үйге арнайы бас сұққан.

«Түсінгеніміз, неке қиятын бөлім үй иелеріне дұрыс түсіндірмеген. Яғни, өз туыстарыңыздың арасында 30 адамға дейін тойлап, атап өтуге болады деп айтқан. Біз қазір «Ақжар» шағынауданында той болған үйдің жанында тұрмыз», - деп хабарлады Наурызбай ауданы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары.

Еске сала кетейік, бүгін Алматы әкімдігі карантин шарасын бұзғандар туралы хабарлауды өтінген болатын. Қала билігі карантинді бұзған кәсіпкерлік нысандарынан бөлек, той жасап, көпшіліктің басын қосқандардың да мәселесін қарастырмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#той #Алматы