$ 498.34  519.72  4.85

Енді автобусқа маскасыз кіргендер 83 мың теңге айыппұл төлейтін болады

Бұл – таксиге де қатысты талап.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Таяуда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «санитариялық-профилактика шарасын ұйымдастыру және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды. Құжатта қоғамдық көлікте жүру талаптары туралы да жазылған. Бұл – таксиге де қатысты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Талапты елемеген азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша жазаланады. Аталған баптың бірінші бөлігінде былай жазылған:

Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ, гигиеналық нормативтердi, техникалық регламенттерді адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған бұзушылық – жеке тұлғаларға 30 АЕК (83 340 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жеке тұлғаларға қандай жағдайда айыппұл салынады:
- жабық ғимараттар мен қоғамдық көлікте бетпердесіз жүргенде;
- қоғамдық орындарда бір метр қашықтық сақтамағанда;
- далада үштен аса адам топтасып, не басқа да талаптарды елемей жүргенде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары