Павлодар қалалық №1 ауруханасы шілденің 13-інде 3 ИВЛ аппаратын сатып алу үшін «Диагаль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шартқа отырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
minber.kz ақпарат агенттігінің жазуынша, аталмыш жауапкершілікпен жасасқан келісім шарттың құны – 78 миллион теңгені құраған. Яғни бір аппараттың құны 63,000 АҚШ доллары яғни 26 миллион теңгеге түскелі отыр.
Бір қызығы, 63,000 АҚШ долларына сатылып алынғалы отырған аталмыш ИВЛ аппараты шынайы саудада үш жарым есеге арзан тұрады екен. Келісім шарттың техникалық ерекшелігінде сатып алынатын аппарат Германияда өндірілген Savina 300 деп аталады. Аталған аппараттың қара базардағы құны Қазақстанда 7,5 миллион теңгеден, Ресей нарығында 1,4 миллион рубльден басталады», - деп жазған дерек көзі.
«Диагаль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттік сатып алулар порталында 2016 жылдан бастап тіркелген. 2014 жылдан бастап салық төлейді. 98 миллион теңгенің салығын төлеген. Жетекшісі – Қажибаев Бахтияр Амангелдинович. Тіркелген орны Астана қаласы.
Шілденің 9-ында Семей жедел медициналық жәрдем станциясы өкпені жасанды желдету аппаратының 25 данасын 15,5 миллионға сатып алуға «Тыныс» Акционерлік қоғамымен келісім шартқа отырған. Бір аппараттың құны – 620 мың теңге. Бұл жердегі техникалық ерекшелікте қандай марканың, қайда өндірілген аппарат алу қажеттілігі айтылмаған.
Екі сатып алудағы ерекшелік Павлодар қалалық №1 ауруханасы бір сатып алушымен келісім шартқа отырса, Семей қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы баға ұсынысын сұратқан.