22.07.2020, 04:57

Алматыда зират қазушылар қамауға алынды

фото: ernur.kz
Олар жерлеу рәсімі үшін қосымша ақша алып отырған.

Алматы қаласының полицейлері зираттың екі қызметкеріне қатысты тергеу бастады. Екеуі де жерлеу жұмыстары үшін қосымша 70-80 мың теңгені заңсыз талап еткенін мойындады, деп хабарлайды Алматы қалалық Ішкі істер департаменті. 

Ішкі істер бөліміне сегіз адам арызданып келген. Олардың айтуынша, зират қызметкерлері жерлеу жұмыстарының ақшасынан бөлек тағы 70-80 мың теңгеге дейін қосымша ақы талап еткен. Қабіршілер түбіртекті де бермеген. Сөйтіп, ақшаны заңсыз иемденген. 

«Жақын адамдарынан айырылып, қайғы-қасіретке душар болғандар тек материалдық қана емес, моральдық тұрғыда да зардап шекті. Қабылданған шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері өз іс-әрекетін мойындаған екі тұрғынды анықтап, қамауға алды. Қазіргі уақытта жәбірленушілер мен күдіктілердің қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Осының нәтижесінде әрбір кінәлі адамның іс-әрекетіне жеке-жеке құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, жерлеу кезінде ақшаны заңсыз жинаудың алдын алу үшін басқа да жерлеу орындары тексеріледі», - дейді тергеушілер.