Алматы қалалық Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Кемаль Құсайынов пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы., деп хабарлайды Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Кемаль Құсайыновтың отыз жылға жуық жұмыс өтілі бар, «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорында түрлі басшылық лауазымда жұмыс істеді. 2010 жылдан 2019 жылға дейін Алмалы аудандық әділет басқармасының басшысы қызметін атқарды.
«Соңғы уақытта Алматы облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі басшысының міндетін атқарушысы болған. Кемаль Құсайынов 53 жаста көз жұмды. Алматы қаласы Әділет департаментінің ұжымы оның отбасына көңіл айтады», - деп жазылған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.