$ 444.22  476.38  4.82

Карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты 21 250 теңге автоматты түрде аударылады

30 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша азаматтардан МӘСҚ-дан біржолғы төлем тағайындауға 2,3 миллионнан астам бірегей өтініш қабылданған.
фото: ult.kz
фото: ult.kz

Қазақстан аумағында карантин 2 аптаға созылады. Осыған байлансты, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан табысынан айырылған жағдайда біржолғы төлем алушыларға төленетін 42500 теңгеге қосымша 0,5 ең төменгі жалақы автоматты түрде аударылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сүйене отырып.

Сонымен, карантин ұзартылғаннан кейін МӘСҚ-дан біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Жоғарыда көрсетілген төлемге азаматтардың келесі санаттары үміткер бола алады:

1) мемлекеттік заңды тұлғалардың (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерінен басқа), сондай-ақ, акциялары мен жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің 100%-ы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың қызметкерлерін қоспағанда, жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлер;

2) жеке кәсіпкерлер;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар;

5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар.

Еске сала кетсек, 30 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша азаматтардан МӘСҚ-дан біржолғы төлем тағайындауға 2,3 миллионнан астам бірегей өтініш қабылданған. Төлем 2 миллион 80 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 миллион 58 мың қазақстандыққа аударылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары