$ 449.3  489.69  4.89

«Үкімет 30 жылда ешқандай тірлікті ұйымдастыра алмады» - қоғам белсендісі

Құдай бұларға өндіріс орындарын көбейтіп, шаруашылықты дамыту үшін уақыт та, мол мүмкіндік те берді.
фото: Алаш айнасы
фото: Алаш айнасы

Алматы қалалық туризм басқармасының 178 миллион теңгеге заманауи үлгідегі 20 дәретхана салу туралы бастамасы халық арасында үлкен қарсылық тудырып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызының айтуынша, бұл шектен шыққан тойымсыздық.

«Үкімет, билік өз халқына «қармақ беруге» санасы, қауқары жетпей ме, ендеше «балық беруге» міндетті!!!

30 жылда әр адамға бір-бір «қармақ беруге» - өндіріс орындарын көбейтіп, шаруашылықты дамытуға - Құдай бұларға уақыт та, мол мүмкіндік те берді!!!

Ал бұлар ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп, ешқандай тірлікті ұйымдастыра алмады, үйлестіре алмады. Тек өздерінің тойымсыз құлқындарын тойғыза алмай, 30 жыл бойы әлек болды.

Енді мемлекеттің қоржынының түбінде қалған тиын-тебендерді әрқайсысы уыстап алып қалуға тырысып, жанталасып жатыр.

Алматы қаласы әкімдігінің небәрі 20 шт дайын пластик әжетханаларын орната салуға 178,5 млн бөліп отырғаны да сол мақсат - соңғы рет қарпып қалу, асап қалу!

Тойымсыз арсыздардың өз бастарына көрінсін, өз ниетіне, пейіліне көрінсін! Бұдарды соңғы итаршысына дейін биліктен төңкермей, осы отырғанымыз отырған...

Бүйтіп отыра берсек, бұлар сіз бен бізді - мемлекетті, халықты әлі тағы 30 жыл сүлікше соратын болады! Нүктесін қою керек!!!» – деп жазған өзінің фейсбук парақшасында. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары