$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында карантин кезінде той тойлаған дәрігерлер ұсталды (ВИДЕО)

Олар бас дәрігердің зейнет жасын атап өтпек болған.

Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы дәрігерлердің карантин тәртібін бұзып, көңілді отырыс жасап отырған видеосы пайда болды. «БЕСсимптомно» Telegram-каналында жарияланған бұл видеода карантин режимін бұзғандардың Алматы облысы Іле ауданындағы Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Майра Егембердиева бастаған қызметкерлер екені айтылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

29 шілде күні Алматы облысы Іле аудандық орталық ауруханасының 30-ға жуық дәрігері мейрамханада той тойлап жатқан жерінен құқық қорғау қызметкерлеріне ұсталды, деп жазған Azattyq Rýhy сайты.

Редакцияға түскен мәліметтер бойынша, Құлжа тасжолы бойында орналасқан «Айлина» мейрамханасында Іле аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Майра Егембердиева бастаған ақ халаттылар қызметтік көлікте бетпердесіз отырған.

Болжам бойынша, медициналық қызметкерлер аурухананың бас дәрігері Егембердиеваның зейнетке шығуын тойлап жатқан.

Олардың жиналып отырғанын құқық қорғау қызметкерлері тұрғындардың шағымынан кейін білген. Интернетте тарап кеткен видеоматериалда мейрамхана ішінде түнгі сағат 22:00-ден кейін 32 адамға арналған мерекелік дастархан жайылып тұрғаны айтылады. Заң қызметкерлерінің келгенін білген қонақтар мекеме ішіндегі бөлмелердің біріне жасырынып, ұзақ уақытқа дейін есікті ашпай тұрған. Үлгергендері көшеге қашып, такси ұстап, оқиға орнынан іздерін суытпақ болған.

«Аталған факт Алматы қаласында болғандықтан қазіргі таңда тексерісті қалалық ІІБ мен СЭҚ қызметкерлері жүргізіп жатыр», - деді облыстық Полиция департамтентінің баспасөз хатшысы Ақбота Қуанышбек. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары