$ 495.2  522.34  4.94

«Қазір журналистер бірінші биліктің қолшоқпарына айналған» - Жанат Бақыт

Шындықты айтқан адамды жұмыстан шығара берсе эфирде ешкім қалмайтын шығар...
фото: facebook
фото: facebook

Белгілі тележүргізуші әрі дизайнер Жанат Бақыт тәкелей эфирде коронавирусқа байланысты шындықты айтып салғаны үшін Алматы телеарнасынан жұмыстан шығарылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның пікірінше, қазір журналистер бірінші биліктің қолшоқпарына айналған.

«Эфирден кеттім.
Не үшін?
«Неге?» хабарына шығып шындықты айтқаным үшін.
Алматы қаласының саясатына қарсы келгенім үшін.
Тілсіз қуыршақ болмағаным үшін.
«Екінші толқын дейсіздер, сіздер бірінші толқынға дайын болмадыңыздар, қанша қандасым өлді!» дегенім үшін»,  деп жазған журналист өзінің facebook парақшасында.

Оның пікірінше, қазір журналистер бірінші биліктің қолшоқпарына айналған.

«@almaty.tv, кешіріп қоярсыздар, қазағым шыбынша қырылып жатқанда, қарапайым парацетомол таппағанның кесірінен қазағым өліп жатқанда, оттегі аппаратының жоғынан туысым өліп жатқанда мен үнсіз тұра алмадым. Айтқаным үшін емес, үндемегім үшін өзімді кешірмес ем. Сол себепті еш өкінбеймін. Халық арасында ақиқатында не болып жатқанын біреу айту керек қой?

Шындықты айтқан адамды жұмыстан шығара берсе, эфирде ешкім қалмайтын шығар. Қалса да қаймақ емес, көк суы қалар... Парақшаңа тыр жалаңаш фото қойсаң, бұл – норма, бірақ, шындықты жазсаң, эфирде көрінбеуің керек.

Журналистика – төртінші билік деуші еді, олай емес, қазір журналистер бірінші биліктің қолшоқпарына айналды. Өкінішті. Сондықтан мен үшін бүкіл программаны жабудың қажеті жоқ, әріптестерімді жақсы көрем, өзім-ақ кетемін.

Мен эфирден кеткеніммен, эфир менен кете қоймас», - делінген журналист жазбасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары