$ 446.49  475.38  4.79

13 жастағы Арулат Мұхаметқали маникюр шеберлері арасындағы халықаралық сайыста жеңіске жетті

Маникюр шеберлері арасында онлайн режимінде өткен чемпионатта қазақстандық оқушы әлемнің 17 елінен қатысып жатқан 190 үміткердің ішіндегі ең жасы болды.

Екібастұздық 13 жастағы Арулат Мұхаметқали мүгедек інісінің еміне ақша жинау үшін маникюр жасап, табыс тауып жүрген. Енді сол жасөспірім Португалияда өткен нейл-шеберлер арасындағы халықаралық чемпионатта жеңіске жетіп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Маникюр шеберлері арасында онлайн режимінде өткен чемпионатта қазақстандық оқушы әлемнің 17 елінен қатысып жатқан 190 үміткердің ішіндегі ең жасы болды.

«Бүгін ғана біз нәтижелерді білдік. Арулат тырнақтарды өсіру және жобалау бойынша дебютанттар арасында бірінші орынды иеленді», - деді баланың анасы Сәния Рахимова.

Арулат жарысқа модель ретінде анасын таңдаған. Әйелдің сөзіне қарағанда, бұл ұлының биылғы беделді байқаудағы екінші жеңісі.

«Шілде айында Арулат Мәскеуде өткен маникюр шеберлері арасындағы инкрустация конкурсына қатысты. Ол жай ғана қатысқаны туралы сертификат алады деп күттік. Әрине, біз оның жеңіске жеткеніне қуандық», - дейді баланың анасы.

Бұл ретте, оның Португалия чемпионатына қатысуына маникюр шебері Наталья Саложина көмектескен.

«Байқауға ұсынылған барлық жұмыстар бірдей болды және қазылар алқасының ешқайсысы нәтижелер жарияланғанға дейін кімнің қайда екенін білмеді. Төрешілер жеңімпаздардың бірі қазақстандық бала екенін білгенде қатты таң қалды. Олар Арулаттың шеберлігіне таң қалды. Ол тапсырманы ұқыпты және дәл орындады», - деді Саложина.

Арулаттың өзі бұл жолы еш алаңдамағанын айтады.

«Мен үшін бұл жеңіс болашақ кәсібімдегі сәттіліктің бастауы іспеттес. Бәрі ойдағыдай болғанына қуаныштымын», - деді ол.

Қазір бала барлық мектеп оқушылары сияқты жаңа оқу жылына дайындалып, інісі Бекарысты емдеуге ақша жинап, сүйікті ісімен айналысуды жалғастыруда. Тапқан қаражаттың бір бөлігін жасөспірім мұқтаж адамдар мен Екібастұздың науқас балаларына көмек ретінде береді.

Еске сала кетсек, 13 жастағы Арулат Мұхаметқали – көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан 4 баланың бірі. Оның інісі Бекарыс 2 жасында үшінші қабаттың терезесінен құлап, бас миының жарақаты салдарынан сал болып қалған. Арулат жинаған ақшасын сол інісінің еміне жұмсайды.

Қазақстандық және шетелдік дәрігерлер баланы емдеуге әлі кіріскен жоқ. Сәбидің денсаулығын Қырғызстан дәрігері бақылап отыр. БАҚ жас маникюр шеберіне назар аударғаннан кейін ел азаматтары оған 1 миллион теңгеден астам қаражат жинап берді.

Айта кетерлік жайт, баланың еңбекқорлығын кей адамдар бағаласа, кейбірі ата-анасын қатал сынға алған. Алайда, Арулат өз ісі өзіне ұнайтынын айтады.

«Арманым – ең мықты, ең қымбат nail-мастер болу», – дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары