$ 444.22  476.38  4.82

«Біздің жақта кәмелет жасқа толмаған қыздар саудасы жүріп тұр» - журналист

Қорғаны жоқтығын пайдаланып 15 жастағы қызды мүгедек арбаға таңылған 33-тегі жігітке әкеп берді.
фото: ktk.kz
фото: ktk.kz

Журналист Гүлмира Әбіқай өзінің facebook парақшасында Түркістан облысы, Ордабасы ауданында болған сұмдық жайттың бетін ашып, жазба жариялады. Журналистің жазуынша, ауыл тұрғындарының бірі кәмелетке толмаған жас қызды алып қашқан. Ал қыз байғұс небары 15 жаста ғана, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Тағы бір қызды 15 жасында алып қашты. «Болар іс болды, бәрі келісіммен» дейді келін түсірген жақ.

Алайда, оқиғаның бәрін көріп отырған көршісі шыдамады, маған былай деп жазыпты.

«Қыздың әкесі жоқ, жалғыз анасы басқа күйеуге тиген. Қорғаны жоқтығын пайдаланып жас қызды мүгедек арбаға таңылған 33-тегі жігітке әкеп берді. Енесі кір-қоңын жуғанға жақсы болды деп мәз. Әпкесі органда жұмыс істейді.

Біздің жақта кәмелет жасқа толмаған қыздар саудасы жүріп тұр. Қыз тапсаң ат мінгіземін деген досына ат мінгізіп, бүгін беташар өтті. Гүлмира ханым, өзімнің де жеткіншек 3 қызым өсіп келеді, ана жас қызға қарап ішімнің ашығаны-ай. Шыдамай сізге жаздым», дейді Сәуле», -деп жазған журналист өз парақшасында

Сонымен қатар журналист бұл жазбасында кәмелет жасқа толмағандарды тұрмысқа берудің қылмыс екенін айтқан. Бірақ оған пысқырып жатқан ешкім жоқ. 

«Фотодағы 12-де бір гүлі ашылмаған балауса қызды көріп менің де ішім ашыды.
Заң бойынша кәмелет жасқа толмаған қызбен жыныстық жақындасу (тіпті, келісім болса да) жауапқа тартылады. Ал, оны алып қашу тіптен сорақылық!
Сонда қалай, Түркістан облысы, Ордабасы ауданында полиция жоқ па?
Осының бәрін көріп-біліп отырған ауыл үлкендерінен бір адам селт етпегені ме? Бәрі қыз өсіріп, қарындас ұзатып отырған қазақы ауыл емес пе?», - деп жазған жазба иесі. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары