25.08.2020, 15:00

Қазақстанда жыныстық сауаттылық туралы оқулық шыққаны рас па?

фото: pixabay.com
Шын мәнінде, иллюстрация 2010 жылы Ресейде басылып шыққан «Как я появился на свет» кітабынан алынған.

Осы күндері Instagram-аккаунттарда қазақстандық мектептерде жыныстық білім беруге арналған оқулықтардың суретімен пост жарияланды. Бұл туралы Stopface.kz сайтында арнайы ақпарат жарияланды.

 Автор жазылушыларын egov.kz сайты арқылы кәмелетке толмағандардың репродуктивті және психикалық денсаулығын қорғау бойынша медииналық көмек ұйымдастыру ережелеріне қарсы дауыс беруге үндейді. Бұл ретте пост авторы «балалардың назарына ұсынылатын» жыныстық сауаттылық туралы кітаптағы суреттерді көрсеткен.

Шын мәнінде, иллюстрация 2010 жылы Ресейде басылып шыққан «Как я появился на свет» кітабынан алынған. Оның қазақстандық білім беруге еш қатысы жоқ.

Бірақ бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тез тарады, ал көпбалалы ана Зиуар Жұманова бұл мәселені шешулерін сұрап Қ.К.Тоқаев пен Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа хат жазған.