$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі ауыл жұрты жарықсыз отыр

Ал Целиноград ауданы әкімдігінің сайтында 2019 жылы электр жүйесін тарту үшін бюджеттен 17 млн 751 мың теңге жұмсалғаны жазылған.

Азаттық радиосының хабарлауынша, 5 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласынан 2 шақырым жердегі Қаражар ауылының тұрғындары әкімдік алдына жиналып, жарық, интернет және өзге де инфрақұрылым мәселелерін шешіп беруді талап еткен, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ауыл тұрғындары негізінен электр жарығына шағынды. Олардың сөзінше, әкімдік биыл көктемде ауылға трансформатор орнатқан, бірақ, оны іске қоспаған. Сол себепті, жергілікті халық электр энергиясын жекеменшік трансформатордан киловатына 27 теңге төлеп сатып алады. «Қуаты аз шағын жекеменшік трансформатор бүкіл ауылды қамтамасыз ете алмай отыр» дейді тұрғындар.

«Көктемде құрал-саймандар әкеліп, трансформатор орнатты, бірақ, оны іске қоспады. Ұры түсіп, ауыл адамдары ала жаздай кезек-кезек күзетіп шықты. Енді күн суытпай қоспаса, ұрлық қайта басталады. Оны қалпына келтіру тағы 5-10 жылға созылады», – дейді өзін Қарагөз деп таныстырған жергілікті тұрғын.

Қаражарлықтар кей тұрғындардың өз қолымен жүргізген электр желісі жел тұрғанда салбырап кетіп, оны кішкентай балалар әткеншек қылып теуіп жүретінін, мұның балалардың өміріне қауіпті екенін айтады. Алайда, сол жиналған тұрғындарға билік өкілдері келмеді.

Жалпы, Қаражар тұрғындары ауылдың әлеуметтік жағдайын жыл сайын айтып келеді. Ақмола облысының Целиноград ауданындағы 6 мың тұрғыны бар бұл елді мекенге ауызсу тек былтыр тартылған. Тіпті, Целиноград ауданы әкімдігінің сайтында 2019 жылы электр жүйесін тарту үшін бюджеттен 17 млн 751 мың теңге жұмсалғаны жазылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары