$ 494.87  520.65  4.91

Елордаға БҚО мен Жамбыл облысы 400 тоннадан астам өнім әкелді

«Жәрмеңкеге келушілер санитария-гигиена талаптарын қатаң сақтауы қажет: маска тағып, арақашықтық сақтап, антисептиктерді қолдануы керек»,- деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.
фото: Александр Куприенко
фото: Александр Куприенко

Нұр-Сұлтанда БҚО мен Жамбыл облысы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Келушілерге қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау қажет, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Хан-Шатыр» СОО жанындағы алаңда фермерлік өнімдерді екі күн бойы делдалсыз сату ұйымдастырылды. 12 және 13 қыркүйекте Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының фермерлері өз тауарларын ұсынады. Олар ет, көкөністер мен жемістер, кептірілген жемістер, кондитерлік өнімдер мен макарон өнімдерін әкелді.

«Дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Өткен аптада Түркістан мен Алматы облыстары бастаған жәрмеңкені бүгін Жамбыл мен Батыс Қазақстан облыстары өз өнімін әкеліп жалғастыруда. Екі өңірден 400 тоннадан астам өнім әкелінді. Бағалар шамамен нарықтан 15-20%-ға төмен.

Жәрмеңкеге келушілер санитария-гигиена талаптарын қатаң сақтауы қажет: маска тағып, арақашықтық сақтап, антисептиктерді қолдануы керек. Жәрмеңке аумағында санитария нормаларын сақтау туралы белгілер орнатылып, адам санын шектеу үшін кіру және шығу бөлек жасалған. Айта кету керек, ауыл шаруашылық жәрмеңкелері әр аптаның соңында өтеді»,- деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Жәрмеңкеде 320 млн теңгеден астам сомаға өнім сату жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары