$ 494.87  520.65  4.91

Желіде келіні мен енесінің төбелесіп, шаш жұлысқан видеосы тарап кетті

Келіні мен енесі өзара келіспей дау шығып, жаға ұстасқан. Тіпті, бір-бірінің киімін жыртып, дене жарақатын салғаны анықталды.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысында кимін алып кетуге келген келін енесімен және қайынсіңлісімен төбелесіп қалған. Бұл видео әлеуметтік желіге тарап, жұрттың жағасын ұстатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеода келіні мен енесі тіпті бір-біріне қол көтеріп, шаш жұлуға дейін барғаны түсіп қалған.

Оларды ажыратпақ болып жүрген азаматшаның киімі жыртылып, екеуі де жерге құлағанын көруге болады. Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде аталған жайттың 29 тамыз күні Арыс қаласында болғанын анықтаған.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Арыс АПБ 102 пултіне жергілікті тұрғын арызданып, үйінде айқай-шу болып жатқанын айтқан. Жәбірленуші әйел ажырасқан келінінің туыстарымен келіп, өзіне дене жарақатын салғанын жеткізген.

Ол аталмыш дау бейнежазбаға түсіріліп, мессенджер арқылы тарағанын және абыройына нұқсан келгенін хабарлаған. Аталған ақпарат бойынша тексеру жүргізген тәртіп сақшылары ажырасқан келіні киімдерін алып кетуге келгенде төбелес басталғанын анықтаған.

«Келіні мен енесі өзара келіспей дау шығып, жаға ұстасқан. Тіпті, бір-бірінің киімін жыртып, дене жарақатын салғаны анықталды. Аталған жайтқа байланысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сараптама тағайындалған» делінген хабарламада.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары