Күзгі күйзеліс кезінде алкоголь ішу екі есе қауіпті. Сондықтан сарапшылар күйзеліспен басқаша күресудің жолын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап
Алкоголь адамның көңіл-күйін біршама жақсарта алады, бірақ бұл әсердің өз салдары бар дейді мамандар.
Клиникалық және профилактикалық суицидология бөлімінің басшысы Борис Положийдің айтуынша, алкоголь проблеманы шешпейді, тек жаңа проблемалар тудырады.
"Мұндай жағдайда адам кейін алкогольді өзі іздей бастайды. Күйзеліске жиі ұшырай бастайды. Ол әдет күзде ғана емес, көктемде де, кейде жазда да, қыста да пайда болуы мүмкін. Содан тәуелділік пайда болуы мүмкін. Бір қиындықтан құтылмай, адам екінші қиындыққа ұрынады. Ішімдікті дәрі ретінде қолдануға болмайды", - деп түсіндірді Борис Положий.
Дәрігер депрессияны өз бетінше жеңе алмаған адамдарға мамандарға баруға кеңес береді.
"Қозғалу, жаттығу немесе жай серуендеу көңіл күйге жақсы әсер етеді. Егер мұндай шаралар көмектеспесе, дәрігермен кеңесу керек. Күйзеліс ауыр сипатқа ие болса және жұмысқа кедергі келтірсе, онда сіз психиатрға немесе психотерапевтке жүгінуіңіз керек", - деді Положий.