$ 494.87  520.65  4.91

10 мыңға жуық этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды

Келушілердің ішінде 60%-дан астамы – еңбекке жарамды жаста, ал шамамен 5%-ы ғана зейнеткер.
фото: oq.gov.kz
фото: oq.gov.kz

Биыл елімізде 10 мыңға жуық этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, 9,9 мың адам тарихи Отанына оралып, «қандас» мәртебесін алған. Жалпы, 1991 жылдан бері елімізге 1 миллион 67,2 мың этникалық қазақ оралыпты.

Осы жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі:
59,1% – Қытайдан;
25,6% – Өзбекстаннан;
8,8% – Түрікменстаннан;
3,5% – Моңғолиядан;
3% – басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен:
Алматы обылсына (54,6%)
Маңғыстау облысына (12,7%)
Нұр-Сұлтан қаласына (4,1%)
Шымкент қаласына (3,1%) қоныстанды.

«Келушілердің ішінде 60%-дан астамы – еңбекке жарамды жаста, ал шамамен 5%-ы ғана зейнеткер. «Қандас» мәртебесін алғандар, Қазақстан азаматтарымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар аясында Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыс таба алады», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің көші-қон мониторингі басқармасының басшысы Дастан Айтқұлов.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың осы кезеңінде 9,6 мыңға жуық этникалық қазақ «оралман» мәртебесін алған болатын. Оның ішінде 53%-ы Өзбекстаннан, 26%-ы Қытайдан, 21%-ы Моңғолиядан, Түркменстаннан және басқа елдерден келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары