$ 449.58  486.94  4.86

Қай санаттағы адамдарға вакцина тегін?

Қазір ақылы вакцинацияға қатысты тапшылық болуы мүмкін.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

 ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев ОКҚ-да өткен брифинг барысында кімдер үшін вакцинанын тегін  екендігін айтты. Сондай-ақ, жыл соңына дейін медицина қызметкерлерінің үстемақысына қанша теңге бөлінетінін жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz.

"Қазақстан ДДСҰ бекіткен вакциналарды сатып алады. ДДСҰ болжамы бойынша тұмау халық арасында 2020-2021 жылдар аралығында циркуляция жасауы мүмкін. Қазақстан ресейлік вакцинаны сатып алды. Оның құрамындағы андиденелер ДДСҰ-ның барлық стандартына сай. Вакцина жергілікті және республикалық бюджеттің қаражатына сатып алынады. Ол әлеуметтік әлжуаз санаттағы адамдарға бағытталған. Олар балалар мен жүрек талмасы, тыныс алу жолдары аурулары бар науқастар мен екіқабат әйелдер, егде жастағы адамдар. Оларды вакцинациалау тегін жүзеге асырылады", - деді ол. 

Сұлтанғазиев өзге тұрғындарға вакцина ақылы жүзеге асырылатынын айтты. 

"Оларға медициналық ұйымдар вакцина сатып алады. Яғни, ол ақылы түрде жүзеге асырылады. Егер де медициналық ұйым, жеке медициналық ұйым немесе жұмыс беруші өзінің қызметкерлеріне вакцина алу бойынша келісімшарт жасайды. Ол жарты жыл бұрын жасалуы керек", - деді ол.

Ол атағандай, қазіргі күзгі кезеңде барлық ел сақтандыру үшін алдын ала вакцина сатып алады. 

"Сондықтан жеке компаниялардың алдын ала вакцина сатып алуына қиындықтар туындауы мүмкін. Қазір ақылы вакцинацияға қатысты тапшылық болуы мүмкін", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#вакцина