$ 494.87  520.65  4.91

Тауық етін пісіру кезінен бірнеше қателік анықталды

Мұнымен қоса, тауық етін міндетті түрде қызып тұрған табаға салу керек.
Фото: sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz

Тауық етін пісірудегі кең тараған бірнеше қателік анықталды.

Етті, тауық етін және балықты жууға болмайды. Өйткені олардың бетіндегі бактериялар судың микро тамшыларымен бірге барша ас үйге таралады, деп хабарлайды Baltijas Balss басылымы.

"Сондықтан мұндай әдеттен арылу керек. Етті қағаз орамалмен сулап, сүртуге болады", - деп жазылған мақалада.

Мұнымен қоса, тауық етін міндетті түрде қызып тұрған табаға салу керек. Өйткені таба қыздырылмаған болса, ет жабысып, талшықтары үзіліп кетеді. 

Дүкеннен алынған тауықтан сорпа пісірмеген жөн. Бұл үшін үй құсын пайдалану қажет.

Тағы бір қателік - қайнаған соң сорпаны төкпеу.

"Етті жууға болмайды. Алайда бірінші қайнаған соң сорпаны төгу керек. Мұның арқасында бактериялардан және еттегі антибиотектерден арыласыз", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, кейбір адамдар тым аз уақыт пісіреді. Тауық тез дайын болады, бірақ өте асыққан кезде  сальмонелла жұқтыру қаупі бар.

Тауықты қысқа толқынды пеште жібітуге болмайтыны айтылып отыр. Өйткені бұл пеш бір жағын тым қатты ысытып, бір жағын жібітпеуі мүмкін. Бұған қоса, тауықты ыстық суға салмаған дұрыс. Оның бетінде бактериялар жылдам тарайды. Ең дұрысы, етке суық су құйып қою. 

Тағы бір құпия - суық суға салып пісірген ет дәмдірек болады. Өйткені ыстық суға суық етті салғанда, температура айырмашылығына байланысты ет қатты, дәмсіз болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тауық еті