$ 443.85  474.3  4.8

Елордада құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысан пайдалануға беріледі

"Жағалау-3" 30-блок құрылысын аяқтап, үйді биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Үлескерлер Жаңа жылды көптен күткен пәтерлерінде қарсы ала алады.

8 жылдық тарихы бар құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысанның құрылысы аяқталуға жақын қалды. "Жағалау-3" тұрғын үй кешенінде орналасқан 30-блокта 600-ден астам алданған отбасы бар. Бұл жайлы Skifnews.kz ақпарат порталы, елорда әкімі Алтай Көлгіновтың Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрғындармен бірнеше рет болған кездесулер барысында кезең-кезеңмен құрылыс кестесін әзірледік. Шешілмеген мәселелер көп болды. Қазіргі уақытта үй орталық сумен жабдықтауға, жылу мен кәрізге қосылды. Тұрғын үй кешенін тұрақты энергиямен жабдықтау желілеріне қосу бойынша жұмыстар жүргізудеміз-қазір үй уақытша электрмен жабдықталуда.

Қасбеттік бөлік бойынша жұмыстар аяқталды, абаттандыру жұмыстары аяқталу сатысында: үлкен ауладан басқа, футбол және баскетбол алаңын орнату бойынша да жұмыс істейміз. Жақын арада жұмысшылар кіреберістерді ішкі әрлеуге кіріседі, лифтілердің бір бөлігін орнатты, олар бойынша жұмыстар жалғасуда.

"Жағалау-3" 30-блок құрылысын аяқтап, үйді биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Үлескерлер Жаңа жылды көптен күткен пәтерлерінде қарсы ала алады.

Сонымен қатар, "Жағалау-3" 28 және 29 блогының құрылысын аяқтау бойынша жұмыстар жүргізудеміз.

Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысын қайта бастау және аяқтау – оңай мәселе емес, әрбір үй жеке жұмысты талап етеді. Осы бағытта тиісті жұмыстар жүргіземіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары