20.10.2020, 18:20

«Өтінемін, көмектесіңіздерші»: ата-анасынан азап көрген жасөспірім қыз көпшіліктен көмек сұрады (ВИДЕО)

Әзірге атыраулық оқушыға қатысты нақты дерек жоқ. Тек жеткіншек әлеуметтік желісінде өзін мазаламауын сұрапты.

Өз әке-шешемнен қорқамын! Ата-анасының агрессиясынан азап көрген жасөспірім қыз көпшіліктен көмек сұрады. Оқушы жариялаған видеода әкесінің адуын сөйлеп, қол жұмсамақ болғаны байқалады. Бұрымды бірнеше жылдан бері қорлық көріп келе жатқанын жазған, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

"Ата-анаммен бірге тұруға қорқамын!". Әлеуметтік желі арқылы осылай деп жанайқайын жеткізген оқушы қыз қазақстандықтардан көмек сұрады. Жеткіншектің айтуынша, әке-шешесі оған жылдар бойы қоқан-лоқы көрсетіп келген. Әбден зәре-құты қашқан ол, осылай істеуден бюасқа басқа амалым қалмады дейді. Бұл жолғы джау жуылмаған ыдыс-аяқтан шыққан көрінеді.

Атышулы видеодан кейін оқушы қыз инстаграм парақшасының сторизінде де көмек сұрады.

"Өтінемін, көмектесіңіздерші. Олармен бір шаңырақ астында өмір сүру маған қорқынышты. Мен бірнеше жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшырадым. Видеоны жариялап, дұрыс істеп жатырмын ба, жоқ па - білмеймін, бірақ ертең және қазір не болатынын білмеймін"!

Аталмыш видеодан кейін құзырлы органдар дереу оқушының мекен-жайын анықтап, көмекке барған. Тіпті, ол жайында оқушы қыздың өзі де мәлемдеген.

Гүлназира Мұхтарова, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

Қазір осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша, кәмелет жасқа толмаған баланы тәрбиелеу бойынша тексеру жүргізілуде.

Елімізде балаларға қарсы көрсетіліп жатқан әлімжеттік мұнымен шектелмейді. Күн сайын төбе шашыңды тік тқрғыщатын жаңа деректер шығуда. Осы ретте психологтар ата-аналарды сабырлыққа шақыруда. Мамандардың сөзінше, балаға қысым көрсеткеннен пайда жоқ. Себебі, психикасы қалыптаспаған жеткіншек оны дұрыс түсінбейді де.

Толқын Мәкенова, психолог:

Бұл - үлкен мәселе. Зорлық-зомблық көрсету дұрыс емес. Ересек адам ретінде қарасақ, өзімізді қоярға жер таппаймыз. Қысым көрсеткен кезде, бала түсінбейді. Баланы сөзбен тарту арқылы жұмыс істеу керек.

Әзірге атыраулық оқушыға қатысты нақты дерек жоқ. Тек жеткіншек әлеуметтік желісінде өзін мазаламауын сұрапты.

Тегтер: қорлық ата ана