$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда қол алысып амандасуға тыйым салынды

Жаңа қаулыға аймақтың бас санитар дәрігерінің орынбасары Зәмзагүл Дошанова қол қойды.
фото: nur.kz
фото: nur.kz

Павлодар облысында тағы карантин шаралары күшейтілді. Жаңа қаулыға аймақтың бас санитар дәрігерінің орынбасары Зәмзагүл Дошанова қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ғимаратқа кіргенде, қоғамдық көлікте, сондай-ақ жұмыс орындарында қол алысып амандасуға тыйым салынсын, адамдар арасында екі метр әлеуметтік қашықтық, маска тағу ережесі сақталсын. Жеке гигиена, түшкіру және жөтелу этикеті сақталсын", - делінген құжатта.

Қаулының толық нұсқасы Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары