$ 494.87  520.65  4.91

Ер адам 13 жастағы қызды өзіне тұрмысқа шығуға мәжбүрлеген

Екі күннен кейін ер адам неке туралы куәлік жасатқан, онда қыз 18 жаста және діни сенімін өз еркімен өзгерткені жазылған.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Пәкістанда 44 жастағы жергілікті тұрғын христиан отбасынан шыққан 13 жасар қызды ұрлап әкетіп, өзіне тұрмысқа шығуға және исламға деген сенімін өзгертуге мәжбүр етті.

Арзу Раджа Раджаны 13 қазанда Карачидегі үйінен ұрлап әкетіп, екі күннен кейін ер адам неке туралы куәлік жасатқан, онда қыз 18 жаста және діни сенімін өз еркімен өзгерткені жазылған. 

Бұл іс Карачи мен Лахорда халықтың наразылығын тудырыпты, бірақ Пәкістан соты некені заңды деп таныған. Арзу сот отырысы кезінде анасына қашуға тырысқан, бірақ күйеуі оны кетпеу үшін күштеп ұстаған. 

Арзудың әкесі Раджа қызының Карачидің теміржол колониясындағы отбасылық үйден, ата-анасы жұмысқа кеткеннен кейін ұрланғанын айтыпты.

Екі күннен кейін полиция отбасымен байланысқа шыққанда, «күйеуі» неке туралы куәлікті алғанын айтты.

"Жас қыздарға сотта некеге тұру және исламды өз еркімен қабылдау туралы куәлік беру қаупі жиі кездеседі", - деді заңгерлік көмек, көмек және реттеу орталығының директоры Насир Саид.

Сонымен қатар, ол Пәкістан полициясы мен соты өздерінің заңдарын сақтамайтынын, халықаралық стандарттарды елемейтінін, бұл, әсіресе мәжбүрлі некеде байқалатынын атап өтті.

Арзу өзінің есімін Арзу Фатима деп өзгертіпті және судья оны исламды өз еркімен қабылдады деп мәлімдеді.

Айта кетейәк, "Қыздар қалыңдық емес" науқан тобының мәліметтеріне сәйкес, Пәкістандағы қыздардың шамамен 21 пайызы 18 жасқа дейін тұрмысқа шығады екен. 

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары