$ 448.15  483.46  4.86

Шымкентте алып қашудың құрбаны болған қыз ауруханадан бір-ақ шықты

Қызды алып қашқан жігіт Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша бірден жауапқа тартылуы мүмкін.

Шымкент полиция департаментінің қызметкерлері жас қызды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Stan.kz.

Жас жігіт қызды үйлену мақсатында алып қашып, пәтерге алып келген. Қыз пәтердің екінші қабатының терезесінен секіріп кеткен. Құлаған қыз ауыр жарақат алған.

Жағдай өткен сейсенбі күні кешке қарай болған.

"Зардап шеккен адам кеуде және бел омыртқаларының сынуы, жамбас сүйектерінің сынуы және іш жарақатымен бірінші қалалық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады оқиға куәгерлері.

Қазіргі уақытта қыз ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалайды. Алайда, болашақта ол өздігінен қозғала ма, жоқ па деген болжамдар әлі айтылған жоқ.

Қала полициясында бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қызды алып қашқан жігіт Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша бірден жауапқа тартылуы мүмкін.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары