$ 494.87  520.65  4.91

Достарынан алданған отбасы үйінен айырылып көлікті паналап жүр (ВИДЕО)

Баспанасын банк тартып алған мына азамат та жарымжан ұлымен төрт айдан бері көлігінде күнелтіп келеді. Бәріне кезіндегі аңғалдығы себеп.

Көкшетаулық Қадыровтар төрт айдан көлікте күнелтуге мәжбүр. Өзге емес, өз достары алдап, жалғыз баспанасын тартып алған екен. Енді үй-күйі жоқ әке жарымжан ұлымен темір тұлпарда жан бағып, өлместің күйін кешіп жүр. Ал қиындыққа шыдамаған келіншегі күйеуі мен баласын тастап кетіпті, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Баспанасын банк тартып алған мына азамат та жарымжан ұлымен төрт айдан бері көлігінде күнелтіп келеді. Бәріне кезіндегі аңғалдығы себеп.

Эсхажи Қадыров, қала тұрғыны:

Досым көмекті жылап тұрып сұраған соң сендім. Алдамаймын, уәде беремін деп көндірді. Оған үлкен сома қажет болды. Қолымда мұндай қаражат әрине болмады. Сөйтіп, үйіңді кепілге қойып, банктен несие алайық деді. Мейлі деп, оған да көндім. Алайда рұқсатымды алғаны сол еді, қажетті құжаттарды иемденіп алған соң, үйімді өзінің туысқанының атына аударып, ізім-ғайым жоғалып кетті.

Бұл 15 жыл бұрынғы оқиға. Одан бері әлгі достарын әлі көрмеді. Сөйтсе, осыған дейін несиенің бірде-бір тиыны төленбепті. Салдарынан кепілде тұрған үйді банк қызметкерлері тартып алған. Ал, айдың-күннің аманында далада қалған Қадыровтар отбасы әуелі орманды паналап, кейін күн суытқасын, көлікте тұрамыз деп шешкен. Ал отанасы басына түскен қиындықтарға шыдамай, күйеуі мен баласын тастап кеткен екен.

Әкесінің тапқан-таянғаны баласының дәрісінен, күнделікті азығынан артылмайды. Әділдікті іздеп Ішкі істер министріне, тіпті Президентке дейін хат жазған . Кейін анықталғандай, алаяқ достары Алматыда қамауға алыныпты. Олар тура осындай амалмен біреуді алдап тұрған сәтінде полицейлердің қолына түскен екен. Дегенмен, тергеудің нақты қанша уақытқа созылары белгісіз. Ал алда қыс келе жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары