Әлеумет 06.11.2020 сағат 01:13

Белгілі блогер төсек қатынасына Egov арқылы рұқсат алуды ұсынды

Ол жобасын кәдімгідей Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге таныстырып көрмек.
Белгілі блогер төсек қатынасына Egov арқылы рұқсат алуды ұсынды
фото: pixabay.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Блогер, қоғам белсендісі Аида Джексон Facebook-тегі парақшасында Egov базасында жыныстық актіге электронды келісім енгізуді ұсынды, деп хабарлады paryz.kz, 7152.kz-ке сілтеме жасап.

Ол кәдімгідей Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге Қазақстанда жыныстық қатынасқа электронды келісім енгізу бойынша "керемет жоба" жайлы ұсыныс жазба жариялаған.

"Осыған дейін жазғанымдай, Швеция төсек қатынасына серіктесінен рұқсат алуды міндеттейді. Олай болмаған жағдайда, жыныстық қатынас автоматты түрде зорлау болып есептеледі. Яғни, ұйықтап жатқан адамдарға, мастарға мүлде тиісуге болмайды. Кінәлі адам бірден түрмеге жабылып, мансабымен қоштасады. Рұқсатты нақты жасқа жеткен серіктес қана бере алады. Оларда 15 жастан басталады. Қазақстан осындай заңды одан әрі жетілдіріп, жыныстық актіге электронды келісімді енгізген алғашқы ел бола алады", - дейді Аида Джексон.

Джексон жүйенің қарапайым болу қажеттілігін жазған. 16 жасқа толған әрбір қазақстандық Egov порталында электрондық келісімді растай алады. Сондай-ақ, оларда төсектегі серіктесінің сұрақтарына жауап беріп, тиісті қатарды (классикалық, мүшеқап пен ойыншық пайдалану арқылы және т.б.) таңдауға мүмкіндік бар. Тәжірибелі блогердің айтуынша, рұқсатты рәсімдеуге 30 секунд қана кететін көрінеді. Ал егер серіктесіңіз келісімді 5 минуттың ішінде растамаса, сұраныс жойылады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар