$ 498.34  519.72  4.85

БҚО-да 15 жастағы қыздың не үшін күйеуге шыққаны белгілі болды

Қалыңдық қара түсті паранжа киіп, бетін бүркемелеп, туған-туыстарымен байланысты үзуге тырысқан.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Батыс Қазақстан облысында ер адам 15 жасар қызға үйленді. Неке ресми түрде тіркелмеген, деп жазады Sputnik.kz.

Бұған дейін, 16 қыркүйекте, Бөрлі ауданында жасөспірім жоғалғаны туралы хабарланған болатын. Бойжеткен Орал қаласынан табылды.

"Мән-жайды анықтау кезінде ол шариат заңымен тұрмысқа шыққаны белгілі болды. Күйеуі дәстүрлі емес дін ағымын ұстанады деген болжам жасалып отыр. Имамдар, мешіт өкілдері мен қыздың туыстары неке қиылған кезде болмаған", - деп хабарлады аудандық полиция бөлімі. 

Қалыңдық қара түсті паранжа киіп, бетін бүркемелеп, туған-туыстарымен байланысты үзуге тырысқан. 

Ер адам "некені" жамылып 2005 жылы туған қызбен жыныстың қатынасқа түскен, деді полицияда.

"Оның мұндай әрекеті Қылмыстық кодекстің 122-бабының 1-бөлігіне сәйкес қарастырылатын болады  (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу)", - делінген хабарламада.

Кінәлі деп табылса, бес жылға дейін бас бостандығын шектеліп немесе осы мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары