11.11.2020, 10:00

Маңғыстауда полицейлер Land Cruiser 200 мініп жүр

Фото: tengrinews.kz
Қымбат көліктің суреттері әлеуметтік желілерде жарияланған.

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысы Полиция департаментіне тиесілі деген Toyota Land Cruiser 200 жол талғамайтын көлігінің суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Қымбат көліктің суреттері әлеуметтік желілерде жарияланған. Онда автомобильдің полиция атрибуттары қондырылғанын және жарық белгілері орнатылғанын көруге болады.

Көлік Бозжыра шатқалының маңында және Маңғыстаудағы Бекет ата жерасты мешітіне кіру жолын көрсететін белгі маңында суретке түсірілген.

Тегтер: джип полицей