$ 446.49  475.38  4.79

Әуебилеттерін қай күні сатып алған тиімді?

Жалдау ақысының ең жоғары бағасы сейсенбіде тіркеледі.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Әуебилеттерін сатып алу үшін жексенбі ең қолайлы күн. Expedia туристік компаниясының аналитиктері осындай қорытындыға келді, деп хабарлады Daily Express.

 Сарапшылардың пікірінше, билетті жұмыс күндеріне немесе демалыс алдындағы күндерге қарағанда жексенбіде сатып алу әлдеқайда тиімді. Мысалы, жұмадағы бағамен айырмашылығы 17 процентті құрайды. 

Мамандар іссапарға баратын және халықаралық рейске билет сатып алатындар үшін (егер бұл курорттық бағыттарға қатысты болмаса) бейсенбі күнді ұсынады. Сонымен қатар автомобильдерді бейсенбіде брондаған тиімді. Себебі бұл күні көліктерді жалдау құны төмендейді екен. Ал жалдау ақысының ең жоғары бағасы сейсенбіде тіркеледі.

Дереккөз: 24kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары