$ 449.58  486.94  4.86

«Өлтірді деп хабарлады»: Алматы облысында ер адам бір жасар қызының көзінше әйелін пышақтаған (ВИДЕО)

Осы қылмысты жасады деген күдікпен 37 және 34 жастағы екі күдікті ұсталды.

Алматы облысында әкесі өзінің бір жасар қызының көзінше әйелін асқан қатыгездікпен пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ер адам отбасымен бірге дүкенге азық-түлік сатып алу үшін жолға шығыпты. Үйге қайтар жолда күйеуі дәрет сындырмақ болып 300-400 метр жерге барып тоқтаған екен. Көлігіне қайтып оралғанда келіншегін өлі күйінде тауып алғанын айтуда.

"Қызымның күйеуі маған телефонға қоңырау шалып, Татьяна Николаевна Светаны өлтірді деп хабарлады. Мен - қалай өлтірді, қайдасындар деп айқаладым. Ол бар болғаны келіп көріңдер деп тіл қатты", дейді марқұмның анасы Татьяна Спивакова.

Марқұмның ата-анасы Светлананы жұбайы қасақана пышақ сұғып өлтіргенін алға тартуда. Себебі, темір тұлпар ішінде тоңазытқыш-сөмке мен балаға арналған тамақтың мол қоры табылыпты. Күйеу баласы өзін үнемі дөрекі ұстап, кішкентай қызын Ресейге алып кететінін айтып қорқытып отырған. Туыстары 34 жастағы жас келіншектің өлімі алдын-ала жоспар бойынша жасалғанына әлі де сенер емес. Ең сорақысы, қанды қырғынды бір жасар бүлдіршін өз көзімен көрген.

"Осы қылмысты жасады деген күдікпен 37 және 34 жастағы екі күдікті ұсталды. Олар аса ауыр қылмыс жасағанын толығымен мойындап отыр. Қазіргі таңда екі күдікті де қамауда отыр. Адам өлтіру дергеі бойынша ҚР ҚК-нің 99-бап екінші бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#пышақтау