$ 494.87  520.65  4.91

Ресей азаматы Қарағандыда 15 жыл құлдықта болған

Еліне жеткен соң ең бірінші кезекте өзінің қабіріне барғысы келетінін айтады.

Ресейлік Салават Ахматгареев Қазақстанда 15 жыл бойы құлдықта болған, деп хабарлайды, “Астана” телеарнасы.

Жігіт әскерден кейін Қазақстанға келген. Мұнда құжаттарын жоғалтып алып, Қарағандыда бір адамның қолына құлдыққа түседі. Құлдықта 15 жыл бойы мал баққан.

Салават тек құлдықтан оны ұстаған адам қайтыс болғаннан кейін босатылады. Ал Ресейдегі туыстары оны өлдіге санап, жерлеу рәсімін де өткізіпті.

Салават соңғы 6 жыл бойы өзінің тірі болғанын дәлелдеп келіпті. Соңында оған паспорт берілген. Енді Ахматгареевке қоғамдық белсенділердің көмегін алуға болады. 

Шекара ашылған соң Ресейге қайтуды жоспарлап отыр. Еліне жеткен соң ең бірінші кезекте өзінің қабіріне барғысы келетінін айтады.

"Менің ендігі мақсатым - отаныма оралу. Қызымды, немеремді көргім келеді. Анамның қабіріне де бармақпын. Менің орнына кімді жерлегендерін, анама менің денемнің орнына кімдікін көрсеткенін де білгім келеді", - деді жәбірленуші азамат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары