$ 448.89  477.93  4.76

«310 мың адам несиені уақытында төлей алмай отыр» - депутат

Сондықтан Мәжіліс депутаттары «Микроқаржы ұйымдарының қызметі туралы» заңның 4-бабы, 3-тармағына мынандай өзгеріс енгізуді ұсынып отыр.
Фото: Батыржан Бесбаев
Фото: Батыржан Бесбаев

Микроқаржы ұйымдары несиенің пайызын қосқандағы соманы келісімшарттың бірінші бетіне жазуы керек. Сонымен қатар, коллекторлық агенттіктердің жауапкершілігін арттыру үшін жарғылық капиталды 10 млн теңге деп белгілеу қажет. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында осындай ұсыныс жасаған Альберт Рау, бұл бастаманың микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеуге көмектесетінін айтты.

Қазір елімізде микроқаржы ұйымдардан қарыз алған 310 мыңнан астам адамның жағдайы мәз емес. Олар қарызын төлейтін мерзімді өткізіп алған.

«Өздеріңіз білесіздер, Президент бұрын-соңды болмаған шешім қабылдап, мемлекет 500 мың азаматтың несиесін толық немесе ішінара жауып берген еді. Тұрақсыздық айыбын, комиссиялар мен өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салуды, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салуды және т.б. көздейтін тұтынушылық кредиттеуді реттеу нормаларын қатаңдату жөнінде шаралар қабылданды.

Алайда, жауапсыз несиелендіру көрсеткішінің өсуі сақталып отыр. 2020 жылдың 1 қарашасындағы жағдайға сәйкес, 170 мың кәсіпкер мен 810 мың жеке тұлға микроқаржы ұйымдарынан жалпы сомасы 735 млрд теңге қарыз алған. Олардың 38%-ы немесе 310 мың адам несиені уақытында төлей алмай отыр», - деп мәлімдеді депутат.

Сондықтан Мәжіліс депутаттары «Микроқаржы ұйымдарының қызметі туралы» заңның 4-бабы, 3-тармағына мынандай өзгеріс енгізуді ұсынып отыр:

Келісімшарттың мазмұны мен оны рәсімдеу үлгісіне қойылатын талапты өзгертіп, келісімшарттың бірінші бетіне несиені өтеу кестесі, несиенің пайызын қосқанда, адам барлығы неше теңге несие алып, түптеп келгенде неше теңге қайтаратыны туралы ақпаратты міндетті түрде жазылуы керек.

«Сонымен қатар, заң жобасы коллекторлық агенттіктердің жауапкершілігін арттыру үшін олардың минималды жарғылық капиталын 10 млн теңге деп бекітуді ұсынамыз. Компанияның жарғылық капиталы бизнестің жауапкершілігін сезіну үшін керек», - деді Рау.

Депутаттар заң жобасын екінші оқылымға жіберді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары