$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық әншілер мұқтаж отбасыларға көмектесті

«Бізді елеп-ескеріп, құттықтап келіп жатқандарыңызға рахмет», - дейді көпбалалы ана Нұрзия Құрбанова.

30 игі іс: қазақстандық жұлдыздар елордалық мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін табыстады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайырымдылық эстафетасы аясында кәсіпкерлер, еріктілер, қоғам қайраткерлері, әртістер мен түрлі ұйымдар соғыс және тыл ардагерлеріне, мұқтаж отбасыларға азық-түлік жиынтығын жеткізеді.

«30 игі іс акциясына қатысқаныма шын жүректен қуаныштымын. Мерекеде төрт ұл, екі қыздың анасы Нұрзия ханыммен қауышып отырмыз. Қайырымдылық жасауға асығайық. Мереке құтты болсын!», - дейді әнші Ардақ Балажанова.

«Бізді елеп-ескеріп, құттықтап келіп жатқандарыңызға рахмет», - дейді көпбалалы ана Нұрзия Құрбанова.

Естеріңізге сала кетейік, «30 игі іс» акциясы барысында қатысушылар жалғыз басты зейнеткерлерге аулаларынан қар шығаруға, үй ішін тазалауға, көмір жеткізуге, үйсіз жануарларға арналған баспаналарға көмек көрсетіп келеді. Сонымен қатар, еріктілер коммуналдық қызмет қызметкерлеріне ыстық шай мен бауырсақ таратқан болатын.

Еске сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық іс-шарасы өтуде. Бұл эстафетадағы ең басты мақсат – қала мен тұрғындар үшін игі іс жасау.

Қала тұрғындары эстафетаға қосылып, акция аясында өз аккаунттарында #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хештегімен ақпарат немесе бейне жариялай алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары