30.12.2020, 17:40

Тұрғымбаев жүргізушілерді «идиотизмге арналған тест» тапсыруға міндеттемек

фото: time.kz
Егер үміткер теориялық емтиханды қатарынан үш реттен артық тапсыра алмаса, оны міндетті түрде медициналық-психологиялық тексеруге жіберіледі (қарапайым тілмен айтқанда "идиотизмге арналған тест" - бағасы 800 еуроға дейін)” , - деді Ішкі істер министрі.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жүргізушілерді дайындықтан өткізу туралы депутаттық сауалға жауап берді. Ол емтиханды қайта тапсыру үшін қосымша талаптар енгізу мәселесі ерекше назар аударуды қажет ететінін алға тартты, деп хабарлады paryz.kz.

Жүргізушілерді дайындау және олардың көлік құралдарын басқару құқығын алудағы проблемалық мәселелерге қатысты сауалды депутат Дархан Мыңбай ІІМ басшысына жолдаған екен. 

Бұл сауалға жауап берген Тұрғымбаев емтихан сұрақтарының қолданыстағы тізбесін 2015 жылы жүргізушілерді даярлау жөніндегі кәсіби бірлестіктер әзірлегенін алға тартты. 

"Бұл сұрақтар тізбесі үміткерлерге жол жағдайын, оның ішінде жол жүрісінің өзге де қатысушыларының мінез-құлқымен байланысты жағдайды дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін нақты ахуалдық міндеттерді қамтиды” , - деп жауап берген Тұрғымбаев.

Одан бөлек, ІІМ басшысы жол ережесін бұзушыларды "идиотизмге арналған тест" тапсыруға міндеттеу мәселесін көтерген.

"Мысалы, Германияда жүргізуші куәлігін алу үшін жарты жылға дейін теориялық оқудан өту қажет. Ал егер практикалық емтихан тапсыру кезінде үміткер қате жіберсе, онда қайта тапсыру қосымша 10 сағат теориялық сабақ оқығаннан кейін ғана мүмкін болады. Егер үміткер теориялық емтиханды қатарынан үш реттен артық тапсыра алмаса, оны міндетті түрде медициналық-психологиялық тексеруге жіберіледі (қарапайым тілмен айтқанда "идиотизмге арналған тест" - бағасы 800 еуроға дейін)” , - деді Ішкі істер министрі.