$ 494.87  520.65  4.91

Партия үміткері тұрғындар сұрағына жауап берді

Кездесуге жалпы саны 100-ге жуық адам қатысып, сұрақтарын қойды.

Желтоқсанның 21 күні «Nur Otan» партиясы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мақсат Ыбраймолдаев партияның желілік кестесіне сәйкес әлеуметтік желі арқылы «Үміткерге сұрақ қой» іс-шарасын өткізді. Онлайн жүздесу барысында үміткер партия бағдарламаларының негізгі тезистерімен таныстырып, «Nur Otan» - еліміздің жетекші саяси институты екендігін айтты. Сондай-ақ мемлекетімізде орын алған саяси реформалардың да басым бөлігі партияның бастамасымен жүзеге асып отырғандығын жеткізді. 

Өз сөзінде М.Ыбраймолдаев өткен  жыл жалпы әлем елдері үшін сынаққа толы жыл болғандығын айтты. «Коронавирустық Пандемия біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертті, көптеген мәселелерге басқаша қарауға мәжбүр етті және біздің мемлекетіміздің басты құндылығы – адамның өмірі мен денсаулығы екенін тағы  бір мәрте дәлелдеді»-деген партияның Панфилов ауданының тұрғындарына арналған бағдарламадан үзінді келтірді.  Өзге елдер секілді карантин енгізілген тұста еліміз қиын кезеңге тап болды. Десек те ел болып бұл сын-қатерлерді де артта қалдырдық. Осы тұста «Nur Otan» партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру, ауданды өмір сүру үшін қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күш-жігерін салатын болады деді.

Бізді ортақ мақсат – әр тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру мақсаты біріктіреді. Бүгінде барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды  ілгерілетуді күтуде. Партия барлығына ашық екендігін қатысушыларға жіті түсіндіріп, түсінікті тілде баяндап берді. Сондай-ақ қатысушылар тарапынан партияның бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері туралы сұрағына «Партия өз қызметін бастаған жылдар ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстан халқын топтастырудың негізгі тетігіне айналды. «Nur Otan» - еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың басты бастамашысы және іске асырушысы.

Қазақстанда қолдаушыларының саны көп саяси партия ретінде, «Nur Otan» дамудың стратегиялық бағытын анықтау кезінде әрдайым халықтың пікіріне сүйенді, оның мүддесі мен қажеттілігін білдіріп отырды. Сондықтан да «Nur Otan» партиясы мемлекеттік билік пен қоғамды, Президент пен оның халқының екіжақты байланысы мен өзара іс-қимылының тиімді өзегіне айналды. Еліміз қазіргі заманғы барлық табыстары мен жетістіктері елдің басты партиясы мен оның көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметімен тікелей байланысты екенін зор сеніммен айта беруге болады»,- деп тұшымды жауап берді.  

 

Сонымен қатар, Елбасымыздың «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының V съезіне қатысқанда – «Мен бүгінгі таңда күллі қазақстандықтар мақтан тұтатын табыстарымызға жету қаншалықты қиын болғанын жақсы білемін. Өскелең ұрпақ қолда барды қадірлеуге, Отанымыздың әрі қарай өркендеуін ойластыруға, өз елін мақтаныш етуге тиіс.  Жастар мүддесі әрдайым менің басты назарымда»,-деген сөзін тілге тиек етіп, партия жастар болашағына зор сеніммен қарап, мол үміт артып отырғандығын және осы тарапта мол мүмкіндіктер қарастырылғанын айтты. Біз жастар Тұңғыш Президентіміздің сара жолын бағдарлап, бүгінгі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық бастамаларына қолдау таныта отырып, елімізді өркендету жолындағы жұмыстарымызды кешенді түрде жалғастыруымыз керек деп барша қатысушыларды партияны қолдап, дауыс беруге шақырды. 

Кездесуге жалпы саны 100-ге жуық адам қатысып, сұрақтарын қойды. 

Материал ақысы «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Панфилов аудандық (Жаркент қаласы) Сайлау қорынан төленді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары