Әлеумет 09.01.2021 сағат 18:19

«Тойға дайындық басталды»: үкілі емші бала Ерболсын үйленгелі жатыр

"Беташарды Ақтөбеде өткізіп, жастарға арналған тойды шетелде жасау жоспарым бар" — дейді Ерболсын.
«Тойға дайындық басталды»: үкілі емші бала Ерболсын үйленгелі жатыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ел арасында емшілігімен танымал болған Ерболсын Серікбаев соңғы жаңалықтармен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Үкілі бала» болашақта шоу-бизнес белестерін бағындырмақ. Айтуынша, бейнебаян түсіру жұмыстарын бастап кеткен.

«Қазақ елі» атты ән жазылды. Оған бейнебаян шығаруға дайындалып жатырмыз. Азамат есімді жас әншімен дуэт орындаймын. Бейнебаян Қазақстанда түсіріледі. Оған Ақтау, Алматы қалаларын таңдап отырмыз. Сонымен қатар, тағы бір ән жазылу үстіне. Оны елімізге танымал рэпер Жан Ахмадиевпен бірге орындайтын боламын», — дейді Ерболсын Серікбаев.

Емші өзін іздеушілердің әлі де көп екенін айтты. Қазір эпидемиялық жағдайға байланысты топтық жиындарды тоқтатқан. Айтуынша, күніге тек отыз адамнан қабылдап, жекелеген кездесулер өткізіп жүр. Қазір отбасымен Ақтөбе қаласында тұратын «үкілі бала» Ерболсынды Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан шақыртатындар көп.

Сонымен қатар, биыл жас емшінің жеке басына қатысты жаңалық көп болғалы тұр.

«Сүйіктім бар. Ұсыныс жасадым. Ол — студент. Тойға дайындық басталды. Жазда атап өтіледі. Беташарды Ақтөбеде өткізіп, жастарға арналған тойды шетелде жасау жоспарым бар» — дейді Ерболсын Серікбаев.

Айта кетейік, Қызылорда облысының Аралқұм жерінен шыққан емші бала 9 жасынан адам қарап танылған болатын.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар