$ 448.15  483.46  4.86

«Мәйіттерге мыңдаған қап»: желі қолданушылары жантүршігерлік ВИДЕОны талқылап жатыр

Қоймадан тауарлар әлемнің әртүрлі нүктелеріне жіберілуі мүмкін, сондықтан тауарлар санының көп болуы ойға қонымды.

Қазақстандықтар мәйіттерге арналған қораптарға салынған қаптар қоймасын көрсетілген видеоны талқылауда. Пайдаланушылардың пікірінше, бұл өнім COVID-19 вакцинасын алғандарға арналған. Бұл - жалған, деп хабарлайды stopfake.kz.

Видеоны желіге @_TheCoolTwin лақап атымен тіркелген падаланушы жүктеген. Кадрларда Amazon компаниясына тиесілі қойма қызметкері жүздеген қорап салынған палеттерді көрсетеді. Олардың кейбірінде ішінде мәйіттерге арналған қаптар бар деген жазу жазылған. Содан кейін қораптардың бір бөлігі FedEx жеткізу қызметінің логотипі бар жүк көлігі алып кетеді. АҚШ-та қайтыс болғандардың денелеріне арналған сөмкелерге деген сұраныстың артуы вакцинациямен емес, COVID-19-дан көз жұму жағдайларының артуымен байланысты. 

Қазіргі кезде Қазақстанда сегіз өңірде COVID-19 жұқтырған науқастар саны артқаны байқалады. Мұны вакцинациямен байланыстыру мүмкін емес, өйткені ол елімізде тек 1 ақпанда басталады.
COVID-19 қарсы вакцина өлімге әкелуі мүмкін деген пікірлер негізсіз. Препараттардың қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникалық зерттеулермен дәлелденген.

Сондай-ақ, видеода да, оның сипаттамасында да дайындалған қаптардың қанша ауруханаға, қалаға және елдерге арналғаны айтылмаған. Қоймадан тауарлар әлемнің әртүрлі нүктелеріне жіберілуі мүмкін, сондықтан тауарлар санының көп болуы ойға қонымды.

Видеода түсірілген қойма тиесілі Amazon компаниясының ресми өкілдері видеоға қатысты пікірлерін әлі білдірмеді және осы тақырып бойынша түсініктеме берген жоқ.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары