$ 494.87  520.65  4.91

«Зейнеткерлерді мектептен шығару керек» - белсенді ұстаз

Оның пікірінше, мұндай зейнеткер ұстаздар, орындарын, сағаттарын жастарға беруі керек.
Фото: dalanews.kz
Фото: dalanews.kz

Facebook әлеуметтік желісінде белсенді ұстаз Айман Сағидулла 27 сағатпен жұмыс істейтін зейнеткер мұғалімдердің әрекетін сынға алды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Оның пікірінше, мұндай зейнеткер ұстаздар, орындарын, сағаттарын жастарға беруі керек.

«Бір мәселені түсінбей жүрмін. Мұғалімдерден директорлардың жалақысы аз екенін қайталай беретіндер көбейіп кетті. Мұғалімнің жалақысының өскеніне әрі кетсе 3 жыл болды. Тест басталғалы ғана. Оның үстіне барлық мұғалім ақшаның астында қалып, байып кеткен жоқ. Көп жерлерде 10 сағатпен жұмыс жасайтын мұғалімдер бар. 10 сағатқа 100 000 теңге жалақы алады. Көп жерлерде директорлар сағат бермейді. Кей мұғалімдердің жалақысының көптігін көреді де «мұғалімдер ақшаның астында қалды,»-деп ойлайды. 

Негізінен жастар жағында сағат аз. Заң бойынша мұғалім 18 сағат алуы керек. Жастарды 10 сағатпен жүргізіп, пенсионерлер 27 сағат алатын мектептер бар. Пенсияға шықтың ба, шүкіршілік етіп, орыныңды жастарға бер. Жастар жұмыс жасасын, үйлі болсын. Өмір сүрсін. Асхат Аймағамбетов мырза! Пенсионерлерді мектептен шығару керек немесе 9 сағат қана беру керек. Осыны бір заңдастырып жіберсеңіз екен. Пенсия жасын сұраймыз, пенсияға шығып алып, мектептен кетпейміз, жастардың несібесін тартып аламыз. Әділдік емес. 

Ал, директорлардың жалақысы аз емес. Олардың директорлық лауазымына алатын жалақысын бөліп айтып жүрсіздер. Оларда 9 сағат бар. Екеуінің жалақысын қосқанда кәдімгідей ақша ғой. Сағат алмайтын директор жоқ. Өткенде бір директор жалақысының 260 000 екенін айтты. Аз ба? Тест тапсырса, одан да көбейеді. Мұғалімдер де тестпен көтеріп жүр жалақыларын» – деді пост авторы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары