$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстанды тек алаяқтар ғана билейтін қоғамда өмір сүріп жатырмыз» - қоғам белсендісі

"Қазақ ар мен ұятты, намысты ойлаған ел еді", - дейді ол.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстанда арам, алаяқтар қатты байып кетті. Бұл шындықты желіде Бекболат Қаржан есімді Facebook қолданушысы жазып жіберді, хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

"Арлы, ұжданды намысты жігіттер арамдық пен иттікке бара алмай тұрмыстан езіліп кетті. Басшылыққа ұятты азаматын қоя алмай, ел қатты ұтылды. Қазақ ар мен ұятты, намысты ойлаған ел еді. Жиғанымды алсаң да, иманымды алма, жанымды алсаң да арымды алма деген ұжданды ұлт еді.

Осы қасиеті бар қазақтарды билікке ешкім жолатпады.

Тек алаяқ аярлар ғана билеген қоғам елдің алдағы перспективасын емес, бір күнгі тамақ үшін жаға жыртысып, бүгін стихиялы жағдайды көрсетті. Бұл бізді ойландыратын, ашындыратын, намысымызды найзағайдай өртейтін жағдай", - деп қынжылады жазба авторы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары