$ 494.87  520.65  4.91

«Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімі төмендеген» - сауалнама

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевта «Менің полициям мені қорғайды» деген ұғым  бүгінгі күннің ұранына айналу қажет екенін ескерткен еді.
фото: ult.kz
фото: ult.kz

Елдің құқық қорғау органдарына сенім азайған. ranking.kz агентігі арнайы сауалнама жүргізіп, оның қортындысын жария етті. Сала қызметкерлеріне деген сенімсіздік неге төмендеп барады? Бұл зерттеуге 18 мыңнан астам халық қатысқан, деп хабарлайды Астана арнасы. 

Ол елдегі жалпы халықтың 0,35 пайызын құрайды. Нәтижесінде 2019 жылмен салыстырғанда, былтыр көпшіліктің құқық қорғау органдарына деген сенімсіздігі арта түскен. Қорытындыға сай полицияға мүлдем сенімсіздікпен қарайтындар 2019 жылы 2,3% құраса 2020 жылы 2,7% пайызға өскен. Сол сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мен прокуратураның да қызметіне сенбейтіндер артқан. 

Сауалнама сүйенсек елде құзырлы органдарға көпшіліктің сенімсіздігі жылдан-жылға артып келеді.  Біз сұрау салған елордалықтар да осыны растады.
 
«Жоқ 100% процент көңілім толмайды», «100 пайыз деп айта алмаймын. Бірақ әрине олар өздерінің жұмыстарын істейді ғой. Міндетін атқарады. Оның бәрі түсінікті ғой», - деді тілші сұрағына жауап берген елордалықтар. 

Дегенмен, Ішкі істер министрлігі бұл олқылықтың орнын толтыруға ниетті. Олар бір жылдың өзінде 36 мыңнан астам адамның арызын қараған. Сондай-ақ, халықпен тығыз қарым-қатынас орнату үшін, халықтық кеңсе қызметін іске қосыпты. Сондықтан министрлік бұл қорытындымен келіспейді. 

«Полицияның жұмысына келген кезде, ең бірінші бүгінгі күннің әлуметтік желілердегі бет-бейнесіне қарап баға беруге болады деп ойлаймын. Себебі, көпірден секіріп жатқанды құтқаратын кім, полиция. Оттан, ажалдан алып қалып жатқан кім полиция қызметкері. Осы мысалдардың бәрін ары қарай тізбектеп жібере беруге болады», - деді Ішкі істер  министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз.
 
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевта «Менің полициям мені қорғайды» деген ұғым  бүгінгі күннің ұранына айналу қажет екенін ескерткен еді. Алайда, бұл қаншалықты орындалатыны алдағы күндердің еншісінде қалатын сыңайлы.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары