$ 441.66  475.14  4.86

Түлкібаста 96 отбасы баспаналы болмақ

Түлкібас «Қолжетімді баспана 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан 96 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын.

Өткен жылы құрылысы басталған көп қабатты үйдің бірі 32 пәтерлі болса, екіншісі 64 пәтерлі тұрғын үй. Жыл соңына дейін құрылысы аяқталатын үйлердің пәтер кілті кезекте тұрған азаматтарға ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай табысталады деп жоспарлануда.

Аталған жерге бүгінде ауыз су, жарық, көгілдір отын мен кәріз жолдары тартылуда. Айта кетейік, тұрғын үй кезегінде көп балалы жанұялар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жандар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жас отбасылар бар.

Сонымен қатар, келер жылы Түлкібас ауданында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2 тұрғын үйдің құрылысы басталмақ.

Айта кетейік, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2012 жылы қолға алынған болатын. Оның мақсаты – 2020 жылға дейін баспанасыз халықты толықтай пәтермен қамтамасыз ету.

Осы бағдарлама аясында Шымкент қаласында соңғы екі жылда жүздеген пәтер өз иесін тапты. «Нұрсат» шағынауданында салынып жатқан көпқабатты үйлер биыл да пайдалануға беріледі. Бағдарлама негізінен жас отбасыларды, мемлекеттік қызметкерлерді және әлеуметтік статусы бар өзге де тұрғындарды баспаналы етуді көздейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары