Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бос шоттардың жабады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы БЖЗҚ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«БЖЗҚ» АҚ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 27 қаулысымен бекітілген Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларының 2021 жылдың 01 наурызынан бастап күшіне енгені туралы хабарлайды. Бұған сәйкес ЖЗШ зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда 1 (бір) ай өткен соң жабылады», - делінген хабарламада.
Осылайша БЖЗҚ-да бұрын ашылған, оның ішінде адам жұмысқа тұрып, шот ашуға өтініш берген немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан, бірақ қандай да бір себептермен аударымдар жасай алмаған жағдайларда, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары болған және зейнетақы жинақтарының барлық сомасы төленіп, аударым жүзеге асырылған ЖЗШ-ларға төлем не аударым жасалғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде зейнетақы жарналары түспеген жағдайларда мұндай ЖЗШ жабылады.
01.02.2021 жылы БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары жоқ шоттардың саны шамамен 121 мың бірлік.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есепке алынатын ЖЗШ ашу үшін жеке тұлғаға өтінішті рәсімдеу мақсатында БЖЗҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Шот алғашқы жарна келіп түскен кезде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылып, жеке тұлғаны сәйкестендіру зейнетақы жарнасын аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады.
Ал қолданыстағы құжаттың деректемелері мен өзге де деректемелері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.
БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан электрондық хабарлама алған күннен бастап салымшы МЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.
Жұмыс беруші жарналарды бірінші жалақыдан МЗЖ сомасын ұстап қалған кезден бастап аударады, яғни МЗЖ-ны «нөл» (есепке алатын жинақтары жоқ) шоттардың туындауына жол берілмейді.