$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстанда 2025-2030 жылдары жұмыс жасайтын адам да қалмайды» – экономист

Қазақстан халқы қартайып барады.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Елміздің 8 өңірінде қартаю процесі қарқынды жүруде. Онда жастарды үлесі тым аз дейді сарапшылар. БҰҰ зерттеуінше,  алдағы отыз жылда егде жастағы азаматтардың қатары екі есе артып, 2050 жылы олардың саны 1,5 миллиардқа жетеді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Еуразия бірінші арнасы сілтеме жасап хабарлайды.

Қарттар саны көбейіп бара жатқанын мамандар да растап отыр. Біріккен Ұлттар ұйымының зерттеуіне қарағанда, Қазақстан бекітілген 7 пайыздық шекті еңсеріп, қарт Еуропаның көрсеткішімен теңесіпті.

«Бүгінгі күні Қазақстан бойынша халқының 7,4 пайызы 65 жастан асқан адамдар мен егде жастағы адамдар құрайды. БҰҰ зерттеуі бойынша 7 пайыздан асса  ол қартаюға жататын елдерге жатады. Министрлік тарапынан іс-шаралар бекітілді. Аға буын адамдардың жағдайын жақсарту көзделуде», - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқарма басшысы Гүлмира Жәкенқызы.

Еліміздің солтүстік-шығысы мен орталығында қартаю процесі кәрі құрлықпен ұқсас. Ал оңтүстік және батыс, Нұр-Cұлтанда керісінше көрсеткіш төмен. Десе де, сарапшылар «елдегі әлеуметтік мәселелер оңалмаса, ертең жұмыс жасайтын жастар да қалмайды» деп отыр.

Экономист Ләззат Жамолдаева әлеуметтік жағдайды жақсартуға, баланың дүниеге келуін жақсартуға толығымен жағдай жететінін айтады.

«2025-2030 жылдары жұмыс жасайтын адам да қалмайды. Мемлекет егер қартайғандар қатарына қосатын болса, қазаққа кім жұмыс жасап береді?», - дейді экономист.

Мамандар ер мен әйел арасында пайыз теңсіздігі қартайғанда байқалатынын айтады. Мәселен, әлемде егде жастағы адамдардың жартысынан көбі әйелдер екен. Ал Қазақстанда әйелдердің үлесі 51,5 пайыз, ерлер 48,5 пайыз құрап отыр, дейді. Дегенмен, туу көрсеткіші де жыл сайын өсуде.

«Елде соңғы уақытта бес жылда туу көрсеткіші жақсы, қалыпты көрінеді. 2019 жылы 400 мың бала дүниеге келсе, 2020 жылы 425 мың бала дүниеге келді»,  - дейді Гүлмира Жәкенқызы.

Сарапшылардың пікірінше, әзірге еліміз демографиялық қартаюдың бастапқы сатысында тұр. Қартаю процесінің алдын алу, оның салдарымен күресетін механизмдерді алдын алуға Қазақстанның әлеуеті жетеді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары