$ 510.08  539.61  5.15

Ғалымдар тұжырымдамасы: әйелдер ерлердің қай мінезін сексуалды санайды?

Ер азаматтардың донор болуға, қайырымдылық қорларына ақша беруге және өзге қайырымдылық шараларына қаншалықты жиі қатысатыны сұралған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

АҚШ ғалымдары әйелдер арасында зерттеу жүргізіп, олар үшін ерлердің қай мінезі сексуалды көрінетінін анықтады, деп хабарлайды Nur.kz «УНИАН» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Зерттеу барысында тәжірибеге 800-ден астам адам қатысқан. Психология профессоры Пэт Барклай респонденттерден нәзік жандылармен қарым-қатынас орнатудағы жетістіктері туралы сұрай келе, олардың басқаларға көмектесуге қаншалықты дайын екендіктерін де анықтауға тырысқан. 

Ер азаматтардың донор болуға, қайырымдылық қорларына ақша беруге және өзге қайырымдылық шараларына қаншалықты жиі қатысатыны сұралған.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ниеті түзу азаматтар жасы мен өзге де мінез ерекшеліктеріне қарамастан, әйелдермен қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай жетістіктерімен мақтана алатындығы анықталып отыр. Осылайша ғалымдар ниеті түзу әрі мейірімді азаматтар нәзік жандылар үшін ерекше сексуалды болып көрінеді деген тоқтамға келген. 

Зерттеушілер ер азаматтардың өзіне деген сенімділігі, әзілдесе білуі, адалдығы сынды қасиеттері оның ниетінің түзу болуымен салыстырғанда әйелдер үшін аса маңызды болмай шыққандығына таң қалғандарын жасырмауда.

Еске салсақ, бұған дейін ресейлік мамандардың бірі нәзік жандыларға атаулы күндерде қандай гүл сыйлаудан бас тартқан жөн екенін айтып берген еді. Атаулы күн жағымсыз жайттарға ұласпауы үшін мамандар әйелдерге гүл таңдауда мұқият болу керектігін ескертуде
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары