$ 447.4  477.55  4.76

Қолы қалтырамастан атып тастады: желіде Дикий Арманға қатысты ВИДЕО тарады

Желі оқырмандары Дикий Арманның қатыгездігіне ашуланып, өз пікірлерін қалдырды. Көпшілік Арманның бұл ісін құптамады.

«Дикий Арман» деген атпен танымал Арман Жұмагелдиев Instagram-дағы парақшасында бұғыны өлтірген видеосын жариялады деп жазды nege.kz

«Үлкен жетістіктер біздің басымдығымыз болады, ал интрига мен өсек біздің жауымыз болып қалуы мүмкін. Ин шаа Аллах біз нағыз еркектер, мұсылман екендігімізді дәлелдеп, түзу жүреміз. Сонымен, өздерін «қасқыр» санайтын бұғылардың аң аулау маусымы ашық. Көп ұзамай бәрі біледі, жақында барлығы естиді. Тағы да баршаны келе жатқан Рамазан айымен құттықтаймын!», – деп жазды ол.

Желі оқырмандары Дикий Арманның қатыгездігіне ашуланып, өз пікірлерін қалдырды. Көпшілік Арманның бұл ісін құптамады.

«Асығып жүгіріп бара жатқанға Арман аға баяғы батырлардай алмас пышағын жарқырата суырып, Аллаху Акбар деп бауыздай ма деп едім», «Киік – киелі жануар. Қарғысы өзіне көрінер. Алла сақтай гөр», «Əкесінің құны қалғандай бейшара жануарды соншама атқандары несі», «Өлейін деп жатқан соң атудың не керегі бар еді?», – деп жазды желі оқырмандары.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары