Әлеумет 16.04.2021 сағат 17:00

3 айлық сәбидің тамағына түйреуіш тұрып қалған

Қауіпті затты алып тастау үшін шұғыл түрде аурухана хирургтері Әкім Төлкібаев, Нұрбол Қоянбаев, Берік Тотиков ота жасады.
3 айлық сәбидің тамағына түйреуіш тұрып қалған
фото: tengrinews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шымкентте үш айлық сәбидің тамағына түйреуіш тұрып қалған. Дәрігерлер шұғыл ота жасап, баланы құтқарып қалды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Қауіпті затты алып тастау үшін шұғыл түрде аурухана хирургтері Әкім Төлкібаев, Нұрбол Қоянбаев, Берік Тотиков ота жасады.

"Ота кезінде фибробронхоскоп көмегімен түйреуішті алып тастады. Баланың жағдайы жақсы, хаттамаға сәйкес қажетті ем алады", - деді дәрігер Әкім Түлкібаев.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдаймен орталыққа балалар жиі түседі. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ арқылы заттар трахея мен бронхқа өтеді. Ірі заттар өңештен өтпей тұрып қалады екен.

"Балалар әдетте кішкентай моншақ, бұршақ, тырнақ, түйме, ине, түйреуіш, сүйек, ұсақ монеталарды жұтып қояды. Ірі заттар немесе өткір пішінді заттар трахеяда немесе негізгі бронх қабырғаларында тұрып қалу қаупі жоғары", - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдайлар ата-анасының қарауынсыз қалған балаларда жиі кездеседі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар